Көктайғақ қала тұрғындарын әбігерге салды. Кешелі-бүгінді түрлі жарақат алып, облыстық аурухананың травматология бөлімшесіне түскен тұрғындардың саны артқан.
Облыстық аурухананың зақым-жарақат бөлімінің меңгерушісі Асхат Бисенғалиевтің айтуынша, соңғы екі күн ішінде 100-ге жуық адам дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Олардың көпшілігі білек, аяқ, омыртқа сүйектерінің сынығы және бас миының шайқалуы секілді жарақаттар алған.
Ауа-райының әсерінен ірілі-ұсақты жол-көлік оқиғалары да жиілеген. Облыс бойынша айтатын болсақ, олардың саны – 30-ға жуық. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0