Қала маңындағы «Көкарна» ықшам ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде болған газ жарылысынан соң ауруханаға түскен 54 жастағы әйел көз жұмды. Кеше оның 59 жастағы жұбайы есін жимастан ауруханада қайтқан еді. Қазір жансақтау бөлімінде сол үйдің 23 жастағы келіні 3 жасар және 4 айлық кішкентайымен жатыр. Үшеуінің де денесінің көп бөлігін күйік шалған.
Ержан ЕСБОЛАЕВ, Атырау облыстық балалар ауруханасы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары
2 қаңтар күні, сағат 11:00 шамасында Атырау облыстық балалар ауруханасына шұғыл жағдайда жедел-жәрдеммен дене аумағын толық күйік шалған 3 және 2 жасар бала келіп түсті. Күйік аумағы 90 пайызға дейін шоктық жағдайда келді. Жағдайы критикалық болуына байланысты олар бірден реанимацияға жатқызылды. Және ИВЛ аппараттарына қосылды. Бүгінгі уақытта балалардың жағдайы динамикада тұрақсыз. Оң динамика жоқ. Балаларға қазіргі уақытта барлық жағынан ем көрсетілуде. Сонымен қоса, республикадағы мамандармен кеңес жүгізіліп жатыр.
Қайғылы оқиға 2 қаңтар күні болды. Түске жуық тұрмыстық газ жарылып, қабырға қирап, аумағы 140 шаршы метр болатын үй өртенді.