Басты ақпаратЖаңалықтар

КӘСІПКЕР: «БӨГЕТТІ БҰЗСЫН НЕМЕСЕ БАСҚА УЧАСКЕ БЕРСІН!»

Атыраулық кәсіпкер Вячеслав Орлов құс фабрикасын сала алмай жүр. Оған су тасқыны кезінде жергілікті биліктің еш ескертпестен кәсіпкерге тиесілі 2,7 гектар жер учаскесінің үстінен бөгет тұрғызуы себеп. Учаске Махамбет ауданына қарасты Бейбарыс ауылдық округінде орналасқан. Мәселені шешпек болып, жауапты органдарға барғанмен олар жарытып ештеңе демеген. Амалы таусылған бизнесмен облыстық Кәсіпкерлер палатасынан көмек сұрай келіпті. Нақтырақ айтсақ, тұрғызылған бөгет жер телімін екіге бөліп жатыр. Соның кесірінен бизнесмен құрылысты бастай алмай отырмын дейді. Бірақ осы уақытқа дейін аумақты қоршап, трансформаторлық қосалқы станция орнатып үлгерген.

 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *