Басты ақпаратЖаңалықтар

КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КІТАП КҮНІН АТАП ӨТТІ

Исатай аудандық орталық кітапханасының ұжымы дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күнін атап өтті. Олар халықтың кітап оқу мәдениетін көтеруге бағытталған «Оқитын ұлт» жобасы шеңберінде кітап фестивалін ұйымдастырды. Және Нарын өңіріне белгілі ақын, жыршы-термеші, ардагер мұнайшы Қожантай Сыдиховтың баспадан енді шыққан «Шымыр» атты өлеңдер жинағының тұсаукесер рәсімін жасады. Баспадан 100 дана боп шыққан кітапта 90 жылдардағы елдегі қиындық, еңбек адамдары, халықты бірлікке шақыру, ақ жаулықты аналардың өнегесі туралы және өзге де тақырып қамтылған. Мысалы «Жастарға өсиет», «Ақ тілек халқыма», «Азамат келбеті», « Ой-түйін», «Қазақы қасиет» деген өлеңдері бар.

Толығырақ сілтемеде

https://www.facebook.com/reel/612142200789972

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *