Каспий құбыр консорциумы мен ТШО-ға сервистік қызмет көрсету санкция пакетінен шығарылды. 10-қаңтарда АҚШ Қаржы министрлігі соңғы санкциялар пакетіне америкалық компаниялардың Ресей аумағында мұнайсервистік қызмет көрсетуіне тыйым салып, сондай-ақ осы саладағы ресейлік 30 шақты компанияны тізімге қосты. Оның ішінде «Газпромнефттің» біздегі еншілес ұйымы «Газпромнефть Казахстан» да бар. Шектеу 27 ақпанда күшіне енеді. Сонымен қатар, 28-маусымға дейін қолданылатын ерекше жағдай ретінде америкалық компанияларға Каспий Құбыр Консорциумы (КТК) мен «Теңізшевройл» ЖШС-не сервистік қызмет көрсетуге рұқсат берілді. Екі жобаның да ең ірі акционері – америкалық «Шеврон» компаниясы. Теңіз кен орны бұл корпорация үшін стратегиялық маңызға ие, себебі оның қоры «Шевронның» жалпы ғаламдық қорының 20%-ы. Сол сияқты КТК де маңызды рөл атқарады – өйткені Теңізде өндірілген мұнайдың барлығы дерлік Каспий Құбыр Консорциумының «Теңіз-Новороссийск» мұнай құбыры жүйесі арқылы экспортқа кетіп жатқаны мәлім. 28 маусымнан кейін ерекше жағдай мерзімі аяқталған соң Трамптың әкімшілігінің қандай қадамға баратыны белгісіз.
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0