Атырауда «Крещение» күніне орай суға шомылуға арналған арнайы жеті орын дайындалды. Олар Жайық өзеніндегі «Малибу» жағажайы, «Орал» мейрамханасының тұсы, Ғазиза Жұбанова көпірі (Мечников көпірі), Индер ауданының Индербор кентіндегі Арна және Махамбет ауданындағы Шоқпаров көшесінің бойы, сонымен қатар Құлсары қаласы, Береке шағын ауданындағы Қамыскөл мен Құрманғазы ауылындағы Шарон өзені. Шомылу рәсімі 18 қаңтардан 19 қаңтарға қараған түні басталып, үш күнге созылмақ. Бұл туралы Атырау облысы ТЖД өкілдері мәлімдеді.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0