Коронавирус инфекциясы Теңіз кенішіне де жетті. Соңғы тіркелген төрт науқастың бірі «Теңізшевройл» компаниясына қарасты мердігер мекеменің жұмысшысы болып шықты. Нақтырақ айтсақ, 50 жастағы әйел «Ватернас» вахталық қалашығында тұрып, кіші қызметкер болып еңбек еткен. Қазір науқас инфекциялық изоляторға жатқызылды. Енді онымен қарым-қатынаста болғандар анықталып, оқшаулануда. Компания басшылығы кен орнында өндірістік жұмыс тоқтатылмайды деп отыр. Өйткені жұмысшылардың барлығы жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіліп, дезинфекциялық жұмыстар уақытылы жүргізілуде.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0