Елімізде келесі жылы бір айлық есептік көрсеткіш 3932 теңге болады. Бұл биылмен салыстырғанда 240 теңгеге көп. Деп хабарлайды еліміздің қаржы министрлігі. Осыған байланысты айыппұл мөлшері де 6,1 пайызға артпақ. Мәселен, көлікті жүргізуші куәлігінсіз басқарып, қауіпсіздік белдігін тақпасаңыз және рульде келе жатып, телефонмен сөйлессеңіз, 19 660 теңге төлейсіз. Жаяу жүргіншілер жол қозғалысы ережесін сақтамаса 7 864 теңгеге шығынданады.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0