Атырау, Caspian News. Атырауда заңсыз еңбек еткен 500-ге жуық шетелдік азамат анықталды.
Олардың барлығына хаттама толтырылып, сотқа жолданған. Ағымдағы жылдың 16-19 шілде аралығында өткен «Заңсыз келуші – 2019» іс-шарасы барысында төлқұжаттары жоқ 30-дан астам азамат анықталып, арнайы бөліп-тарату мекемесіне орналастырылған. Одан бөлек, 10-нан астам шетелдік сот үкімімен елден шығарылған.
Көші-қон қызметі басқармасы өкілдерінің айтуынша, бұл азаматтар ел аумағына кіру заңдылығын бұзып қана қоймай, рұқсат етілмеген қызметпен айналысып, ақша тапқан.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0