Жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ ШЫЛЫМ – ЖАРТЫ МИЛЛИОН

Енді кәмелетке толмағандарға темекі сатқандар бұрынғыдан екі есе көп  айыппұл төлейді. Мұндай жағдай анықталса, сатушы 100 АЕК, яғни, 277 мың теңгеге шығындалады. Ал заңды екінші рет бұзған жағдайда саудагердің қалтасынан шығатын айыппұл соммасы жарты миллион теңгеден асады. Мұндай шешімді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары ұсынып отыр. Сонымен қатар, темекі өнімдерін сатып, заңсыз жарнама жасағандарға да осындай жаза қарастырылған.

Сания МУСИЕВА, Атырау облыстық СӨСҚО үйлестірушісі

  • Дәл осы өзгеріс 18-ден 20 жасқа дейінгі жасөспірімдерің  шылымнан бас тартуына көмектесуі мүмкін.  Өйткені жастар саналы түрде өзінің денсаулығына алаңдай бастайды. Кәмелетке толмағандарға айтарым, темекі 18 жаста да, 20 жастада темекі болып қалады. Ол денсаулыққа өте зиян. Сондықтан әр жас өз өмірін, денсаулығын қолға алып, салауатты өмір салтын ұстану қажет. 

Сондай-ақ, темекі бұйымдарын 18 жасқа толмаған бала отырған автокөлік ішінде  де тұтынуға әкімішілік жаза қарастырылып отыр. Мұндай жағдайда, шылым шеккен адам 10-нан 20 АЕК дейін айыппұл төлейді.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *