Басты ақпаратЖаңалықтар

ЗАҢСЫЗ АУЛАНҒАН 7 ТОННА БАЛЫҚ ТӘРКІЛЕНДІ

Батыс аймақтық «Бекіре» акциясы басталғалы бері 7 тонна балық тәркіленді. Оның 750 келісі бекіре тұқымдас. Сондай-ақ айналымнан 30 келіге жуық уылдырық алынды. Жалпы акцияға жұмылдырылған құқық қорғау органдарының қызметкерлері бір жарым айдың ішінде 635 құқық бұзушылық дерегін анықтапты. Олар 462 әкімшілік хаттама толтырып, бекіре тұқымдас балықты заңсыз аулауға қатысты 26 қылмыстық іс қозғаған. Заң бұзған тұлғаларға салынған айыппұл көлемі — 10 миллион теңгеге жуық. Браконьерлер жиі торуылдайтын аумақтың бірі – «Ақ Жайық» табиғи резерваты. Қазір мұнда 4 жерге бекет қойылған.
Толығырақ: https://fb.watch/kAo7hXz0mx/

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *