Жаңалықтар

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Индерліктерді нәтижелі жұмыспен қамту – өзекті мәселелердің бірі.Осы орайда жергілікті билік «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасына зор үміт артып отыр.

Жеңіс ИҒАЛИЕВ, Индер аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры
-Ауданда бірінші кезекте 10 жоба жүзеге асырылуға енгізілген. Оның ішінде бес жоба аудан орталығы Индербор кентінде болса, қалғаны ауылдық елді мекендердің инфра құрылымын дамыту бойынша жүзеге асырылады. Жобалардың аясында аудан бойынша 1753 жұмыс орыны құрылу керек болса, аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы 877 жұмыс орынын ашу көзделген. Қазіргі уақытта үш жоба жұмысын бастады. Күні бүгінге 20 адам жұмысқа тартылды.

Аталған жобалардың аясында Индербор кентіндегі орталық  аллеяны күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Жұмысқа жауапты  мердігер мекеме қажетті жұмысшыларды жергілікті уәкілетті орган арқылы алуды көздеп отыр. Құрылыс басталып та кетті.

Марат ҚҰМАРОВ, мердігер мекеме өкілі

— «Жол картасы» бағдарламасы бойынша біздер жергілікті халықтан 50 адамды жұмыспен қамтамасыз етеміз. Жеті ай бойынша жұмыстар біткенше жұмыс жасайды. Жағдайдың барлығын жасаймыз, жалақыларын уақытында төлейміз.

Бүгінде аудандық жұмыспен қамту орталығына тіркелген 630 адамның 130-ға жуығы тұрақты жұмыспен қамтылған. Жоғары және арнаулы оқу орындарын бітіріп келген 10 түлек тәжірибе негізіндегі жұмысқа жіберілген. Сондай-ақ, 90 адам әлеуметтік, ал 250 адам ақылы қоғамдық негізде жұмысқа орналасты.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *