Басты ақпаратЖаңалықтар

ЖҰБАЙЛАР БАР ӘҢГІМЕСІ ТАУСЫЛҒАН…

Атырауда былтыр соттың үкімімен келіспей сот залында өз-өзіне қол жұмсамақ болған 40 жастағы азаматтың туыстары істің әділ қаралуын талап етуде. Сотталған жігіттің адвокатының сөзіне қарағанда, қорғауындағы азамат пен оның әйелі 15 жылдық некеден кейін ажырасуға шешім қабылдайды және ерлі-зайыпты ортақ мүлікті бөліске салады. Бірақ олардың арасында мүліктің ақшасына қатысты дау туындап, әйелі экс-күйеуінің үстінен Қылмыстық Кодекстің бірнеше бабы бойынша арыз жазып, ол 6 айға сотталып кетеді. Былтыр жазда мерзім аяқталып, енді шығар мезгілде келіншек апелляциялық шағым түсіріп, сот оны тағы алты айға қамау туралы үкім шығарады. Оған келіспеген азамат залда өз-өзіне қол жұмсамақ болады. Айыпталушының адвокаты Ренат Қужантаевтың сөзінше, ол былтыр қазан айында жазасын өтеп, бостандыққа шығуы керек еді. Бірақ бұрынғы жұбайы тағы да арыз жазып отыр. Бұл жолы «кәмелетке толмаған баланы өз-өзіне қол жұмсауға дейін итермеледі» деген кінә қойып отырған көрінеді.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *