Атыраулық емші Кейқуат Оспанов өзінің әлеуметтік желіде тараған видеосына қатысты түсінік берді. Бейнежазбадан емшінің бес жастағы қыздың ішінен жын шығарамын деп баланың қолын байлап, тамағынан қысып жатқанын, емшінің қойған сұрағына баланың қиналып жауап беріп жатқанын көруге болады. Аталған видео әлеуметтік желіде көз ілеспес жылдамдықпен тарап, көптің наразылығын тудырғаны байқалды. Емшінің өзі бұл іс-әрекетін дұрыс санайды. Ал, бейнежазбаны өз жұмысымды көрсету үшін салдым, — дейді.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0