Жылыойдағы жағдай мәз емес. Бүгінде мұндағы науқастар саны 34-ке жетіп отыр. Аурушаңдық деңгейінің төмендемеуіне байланысты аудандағы карантин сақталады. Осыған қарай аумаққа кіріп-шығуға тыйым салынып, шектеу шаралары маусымның бесіне дейін ұзартылды. Ал тұрғындарға таңғы сағат алтыдан кешкі 21.00 аралығында азық-түлік, дәрі-дәрмек пен күнделікті тұрмысқа қажетті басқа да өнімдерді сатып алу үшін тұрғылықты мекен-жайлары төңірегінде қатынауға рұқсат берілген. Жұмысқа арнайы анықтама арқылы барып-қайтуға болады, шұғыл медициналық көмекке мұқтаж кездегі қозғалысқа да кедергі жоқ.
Талғат ХАБИБУЛЛИН, Жылыой ауданының бас санитарлық дәрігері
- Аудан көлеміндегі барлық дүкен қалыпты жағдайда жұмыс жасайды. Азық-түлік пен тұрмыстық қажеттілік дүкендері туралы айтып отырмын, кешкі сағат сегіз жарымға дейінгі уақытта. Қалған орталық көтерме сауда базары, «Бергат» базары мен сол маңдағы сауда орындары жұмыстарын жеткізіп беру қағидаты бойынша жұмыс жасайды. Сонымен бірге банктер казпочтада жұмысын жасайды таңертеңгі тоғыздан кешкі беске дейінгі уақытта.
Автокөлік құралдары да белгілі ережеге сай қозғалады. Ал қоғамдық көліктердің жүруіне тіпті рұқсат жоқ.
Талғат ХАБИБУЛЛИН, Жылыой ауданының бас санитарлық дәрігері
- Қоғамдық көліктердің жүруіне тыйым салынды. Бірінші себеп – қоғамдық көлік жүрген уақытта аялдамаларда адамдардың шоғырлануы, екіншісі – автобустардың ішіне мінген кезде арақашықтық сақтау, адамдардың көп шоғырланып мінуін реттеуге келмейді. Осы жағдайға байланысты біз тыйым салдық. Тек қана жеке көліктер жүре алады, онда да шектеу ішінде екі адамнан аспауы тиіс және көлік ішінде балалардың болмауы тиіс.
Ауданның бас санитарлық дәрігері карантин ережесін баяндай отырып жылыойлықтарды санитарлық талаптарды қатаң сақтап, сабыр етуге шақырды.