Жаңалықтар

ЖЫЛЫОЙДА АЛАМАН БӘЙГЕ ӨТТІ

Жылыой ауданында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына орай бірқатар іс-шара ұйымдастырылды. Соның бірі – ат жарысы. Аудан әкімдігінің қолдауымен өткен бәйгеге Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе және Атырау облыстарынан 60-тан астам сәйгүлік қатысты. 21 шақырымдық аламан бәйгеде 14 тұлпар жарысып, маңғыстаулық «Нарқасқаның» иесі 1миллион теңге қаржылай сыйлыққа ие болды. Ал 15 шақырымдық топ бәйгеде атыраулық Мақсот Нұржанұлының «Лашыны» оза шапса, 7 шақырымдық құнан жарысында құрманғазылық «Тентек қара» топ жарды. Олардың иелері сыйлыққа мотоцикл алды.

Толығырақ сілтемеде

https://www.facebook.com/reel/236272355438896

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *