Жаңалықтар

ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Жерлесіміз елге жеңіспен оралды. Ағымдағы жылдың ақпан айының 1-6 күндері аралығында Түркияның Анталья қаласында өткен паратаэквондодан әлем чемпионатында атыраулық Нұрлан Домбаев 98 елден келген 1500-ге жуық спортшылардың арасында топ жарып, екі дүркін әлем чемпионы атанды. Ол 2017 жылы Ұлыбритания астананы Лондонда өткен халықаралық жарыста да Әлем Чемпионы атанған болатын.

2016-шы жылдан бастап әлемдік жарыстарға қатысып жүрген Нұрлан Домбаевтың жаттықтырушысы Асан Қасаевтың айтуынша, ол қазір әлем бойынша паратаэквондышылардың тізімінде екінші орында тұрған көрінеді.

Айта кетейік, Нұрлан Домбаев жуықта Мысыр елінің астанасы Каир қаласында өтетін халықаралық «Африка Оупэн» турнирінде бақ сынамақ.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *