Басты ақпаратЖаңалықтар

Жеке куәлікті шұғыл жасату бағасы арзандайды

Ішкі істер министрлігі жеке куәлікті жедел тәртіппен беру құнын төмендетуді жоспарлап отыр.

 Ашық НҚА порталында жарияланған бұйрық-жобасында жазылғандай, енді Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және облыс орталықтарында баға мынадай болмақ:

– құжат 1 жұмыс күнінде дайындалатын болса – 3372,45 теңге (қазір 4 983 теңге);

– куәлік 3 жұмыс күнінде дайындалатын болса – 1770,88 теңге (қазір 2 752 теңге);

Ал облыстардың аудандары мен қалаларында құжат тек 7 жұмыс күні ішінде дайын болады. Оның құны 677 теңге 95 тиын мөлшерінде (қазір 1 116 теңге) бекітілді.

«Түзетулер мемлекеттік монополияға жататын Ішкі істер министрлігінің «Ақпараттық-өндірістік орталығы» қызметтерінің бағасын төмендету жағына қарай, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің түзетулеріне байланысты енгізіледі», – деп түсіндірме берілген бұйрық-жобасына.

Құжат 30 қазанға дейін көпшілік талқылауда болады.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *