Жаңалықтар

ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ ҚАЛТАНЫ ҚАҚПАЙДЫ

Желіде ақылы жедел-жәрдем қызметінің жұмысы жайлы түрлі ақпарат желдей есіп жүр. Бірнеше күн бұрын Денсаулық сақтау министрлігі құны 5400 тг тұратын 3000 бригаданың іске қосылатынын хабарлаған еді. Жағымсыз хабардан әбден жауыр болған халық мұны естіп абыржып қалған. Бірақ атыраулық мамандар мұнайлы өңірде ақылы жедел жәрдем қызметінің әлі қосылмағанын айтады.

Ербол ИМАНҒАЛИЕВ облыстық жедел-жәрдем стансасының бас дәрігері

— Жедел жәрдемнің көмегі қазір көрсетіліп жатқан тегін кепілдендірілген медициналық көмекке жатады. Біздің жедел -жәрдем тегін, барлық шақыртуларға да ақысыз барады.

Алжақында бұл ақпарат толықтырылған болатын. Айтқандай, емханалар жанынан ақылы мобильді жедел жәрдем бригадалары құрылады. Олар науқастармен байланыста болғандардан және симптомы барлардан вирустың бар-жоғын анықтайтын сынама алады. Бірақ баға тұрғындар тарапынан емес, мемлекеттен әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы төленбек.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *