Жаңалықтар

ЖЕДЕЛСАТЫ – 20 ЖЫЛДАН КЕЙІН

Терможаңғырту бағдарламасы аясында қаладағы тоғызқабатты үш үйге жеделсаты орнатылды. Сәтбаев көшесі бойындағы 52, 54 және 56-шы үйлердегі жаңа жеделсаты жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға сатып алынған. Әрқайсысының құны — 12 миллион теңгеден астам. 400 келіге дейінгі салмақты көтере алады. Карта жүйесі бойынша жұмыс жасайтын оған бір мініп-түсудің құны 8 теңге. Ал, төлем картасын пәтер иелері кооперативіне барып, толтыруға болады. Жеделсатылардың орнатылғанына тұрғындар мәз-мейрам. Өйткені, аталған үйлердегі жеделсатылар осыдан 20 жыл бұрын істен шыққан.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *