Қаладағы Сатпаев және Момышұлы көшелерінде орналасқан көпқабатты үйлердегі 6 жеделсаты ауыстырылды. Ал, олардың үшеуі жақында пайдалануға берілмек. Баспасөз конференциясын өткізген Атырау қалалық тұрғын үй ипспекциясының басшысы Қайрат Хабиевтің айтуынша, жалпы, қаладағы 3 бірнеше қабатты тұрғын үй мен жеделсатыларды ауыстыру жұмыстарына 218 миллион теңге жұмсалыпты. Ал жаңартылған жеделсатыларды тұрғындардың өзі тексеріп, қабылдап алатын көрінеді.
Сондай-ақ, өткен жылы шахардағы тозығы жеткен үйлерді техникалық зерделеуден өткізу үшін 6 млн теңгеден астам қаражат бөлінген. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде тоғыз үйдің 8-і апатты деп танылған. Ал, биылғы жылы 21 үйдің жай-күйін анықтауға екі есе артық қаражат қарастырылыпты. Айта кетейік, қалада қазір 60-тан астам көпқабатты үй апатты жағдайда деп танылып отыр.