Жаңалықтар

ЖАҢА САЯБАҚ АШЫЛУЫ МҮМКІН

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай, Атырауда «Естелік саябағы» бой көтеруі мүмкін. Қазір бұған қатысты ұйымдастыру жұмыстары жерілікті әкімдікпен келісілуде. Ал еріктілер жылы аясында өңір белсенділерін жұмылдыру мақсатында «Біргеміз» жалпы ұлттық жобасы жүзеге асырылатын болады. Ол жеті негізгі бағытты қамтымақ. Бұл туралы Атырау облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Роллан Құспан баспасөз брифингінде айтты.

Қоршаған ортаны қорғауға шақыратын «Біргеміз — таза Қазақстан», мәдени-тарихи мұраны сақтау мен дамытуда «Біргеміз — асыл мұра» жобасы іске асырылмақ. Сондай-ақ әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына ерікті жастарды тарту мақсатында «Біргеміз — қамқор» мен жоғалған адамдарды іздестіру, табиғи төтенше жағдайлардың салдарын жою бағытында «Біргеміз — үміт» жалпы ұлттық жобалары бойынша жұмыстар жаслады деп жоспарланып отырған көрінеді.

Малика Такежанова, Айбек Өтемісов, Каспиан ньюс.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *