“Атыраулықтар балықтан жасалған тағамдарға жиі тапсырыс береді” дейді “Люмен” мейрамханасының бас аспазы Денис Кривокрысенко. Ол 12 жылдық еңбек өтілі бар аспаз. Бірнеше жыл бойы алматылық мейрамханаларда еңбек етіп, ең үлкен лағман дайындап Гиннес рекордтар кітабына енген. Қазақстан мен Ресей елінің бас аспаздар ассоциациясының мүшесі сүйікті қонақтары үшін кез келген тағам түрлерін дайындауға әзір.
«LUMEN» мейрамхана кешені бірнеше ай бұрын ашылса да, қалалықтарға жақсы жағынан танылып үлгерді. Мұнда сіз сапалы музыка тыңдап, жанға жайлы атмосфераны сезіне аласыз. Бұл жер — қаладағы қарбалас тіршілік пен үйдегі жайлы жағдай арасындағы алтын көпір іспеттес. Еуропа және Азия елдері халықтарының тағамдарын дайындайтын мейрамханадағы үздік дизайнерлердің қолынан шыққан соңғы үлгідегі интерьер де көпшіліктің көңілінен шығатыны сөзсіз.
Өз ісінің мамандары Жаңа жыл қарсаңында кәсіби шеберліктері мен қонақтарына деген сүйіспеншіліктерін ұштастыра отырып, қала тұрғындарына тамаша көңіл-күй сыйламақ. Ұжым мерекеге орай, келушілерге керемет тосын сый дайындауда. Олар барлығы асыға күтетін жаңа жыл мерекесін “Люмен” мейрамханасында “Гаваий” стилінде ерекше өткізуге шақырады. Ғажап ас үй, керемет жайлылық, сүйікті музыка сіздің де көңіліңізден шығатыны сөзсіз.