Жаңалықтар

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ — ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ

Атырауда алғаш рет облыстық білім беру басқармасы мен Назарбаев зияткерлік мектебі бірлесе отырып, педагог мамандардың облыстық форумын өткізді. Шара барысында жалпы білім беретін мектеп оқытушылары мен Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімдері жұптық негізде ашық сабақтар өткізді. Форумға қатысушылардың бірі — Гүлзира Сәрсенғалиева. Ұстаздық өтілі 30 жылға жуық. Өмір бойы қазақ мектебінде физика пәнінен дәріс беріп келе жатқан ол бүгін күнделікті сабағын алғаш рет ағылшын тілінде жүргізді.

Гүлзира СӘРСЕНҒАЛИЕВА, ұстаз:

— Информатика, биология, химия пәндері ағылшын тілінде өтуде. Бұл- өте жақсы бастама..Ешқандай аудармасыз ағылшын тілінде оқыту оқушыларға үлкен жетістік әкеледі деп ойлаймын. Маған жасыма қарай ағылшын тілінде өткізу қиындау, дегенмен барлығын жаттап алдым. Форумның ерекшелігі де осы болатын. Мұндағы мақсат — ұстаздар арасында кәсіби қарым- қатынас орната отырып, шеберліктерін шыңдау.

Айдарбек АЙТБӨКЕШЕВ, Н.Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры:

— Бұл жерде қаланың мұғалімі ме, ауылдың мұғалімі ме ешқандай шектеу қойылған жоқ. Білім басқармасымен бірлесе отырып, осы ұстаздар анықталды. Ондағы ең негізгісі жаңашыл деген педагогтер шығармашыл балдармен жұмыс істесін деген талап қойылды.

Форум соңында ұстаздар өздері өткізген сабақтарды талдап, өзара сараптама жүргізді. Жалпы, бұл шараға қала мен аудандардан 200-ден астам мұғалім қатысып, жұптық негізде 25 сабақ өткізді.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *