Жайықтың Атырау қаласы тұсындағы жағалауының кей бөлігіндегі құм толы қапшықтар жиналып жатыр. Күрек-кетпенін арқалаған бір топ жұмысшы облыстық әкімдік тұсындағы жағаны тап-таза қып қойыпты. Авангард ықшам ауданында да осындай жұмыс жасалып жатыр. Әкімдік өкілінің сөзінше су деңгейі өткен аптадан бері біраз төмендеген. Сол себепті енді қауіп тудырмайтын аумақтар жинастырылуда. Топырақ карьерлерге кері төгіледі.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0