Биыл Атырау облысы бойынша «Жасыл ел» жобасы аясында 1800-ге жуық жас уақытша жұмыспен қамтылады. Алайда жазда еңбек етуге өтініш білдіріп отырғандардың қарасы бұдан да көп. Сұраныстың басым бөлігі Исатай және Қызылқоға ауданының тұрғындарынан түсіпті. Қазірдің өзінде қос ауданнан 400 адам тіркелген. Жастар еңбек жасағының мүшелеріне төленетін жалақы көлемі 70 мың теңге. Бірақ жасақ жұмысшыларының қолдарына алатыны 55 мың теңгеге жуық. Өйткені зейнетақы, медициналық сақтандыру, жеке табыс салығы сияқты міндетті төлемдер ұсталады.
Толығырақ https://fb.watch/l87w20obdO/
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0