Басты ақпаратЖаңалықтар

ЖАЛҒАНСАЙ МЕКТЕБІНДЕГІ ЭВАКОПУНКТ 100 АДАМ ҚАБЫЛДАЙ АЛАДЫ

Жалғансай ауылындағы мектеп жанындағы эвакопункт 100 адамға дейін қабылдай алады.   Орта мектепте әйелдерге, балаларға және қарттарға арналған орындар дайындалды, — деп хабарлайды Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб.

Жалғансай ауылдық мектебі директорының міндетін атқарушы Үздік Жиенғалиеваның айтуынша,  эвакопунктте қажетті заттар, су және жеке гигиена құралдарының қоры дайындалды. Сондай-ақ, мектептің медициналық пункті бар, онда қажетті дәрі-дәрмектер де жиналған.

Еске сала кетейік, Махамбет ауданында тұрғындарды эвакуациялау үшін 22 пункт дайын тұр.  Ауданға қарасты 21 елдімекеннің  18-і Жайық өзенінің жағалауында орналасқан.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *