Жергілікті және шетелдік жұмысшыларға төленетін жалақыдағы теңсіздікке жол бермеу мақсатында өткен жылы 40 шақты мекеме тексерілген. 400-ден астам заңбұзушылық анықталып, 300-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық бойынша іс қозғалған. Нәтижесінде, 90 млн теңгедей айыппұл өндірілді.
Игілік ӘУБАКІРОВ, Атырау облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы
-Тексеріс нәтижесінде 212 шетел азаматының рұқсат қағаздары қайтарылып, олар елден шығарылды. Атырау облысына келсек 2019ж 17мыңнан астам шетелдік жұмысшыларға рұқсат берілсе, 2020ж тек қана 10мыңнан астам 10567 білікті квота арқылы белгіленді. Яғни ол 40пайызға қысқартылды. Жыл сайын шетелдік үлесі бар мекемелерді және шетел жұмысшылары бар мекемелерді жыл сайын тексереміз. Ол ережеге бекітілген, өзіміздің критерияларымыз бар.
Инспекциядағылардың айтуынша, тексеріс кезінде мекемелердің шетелдік қызметкерлерге жергілікті жұмысшыларға қарағанда 10есе көп жалақы төлейтіндігі анықталған. Ал биылғы тексеру жұмыстары екінші жартыжылдыққа жоспарланып отыр,- дейді олар. Жақында Еңбек кодексіне 90-нан астам өзгеріс енгізілгендігін еске салайық.