Атырау, Caspian News.
Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, салааралық комиссия мүшелерімен бірлесіп, Көкарна елдімекеніндегі Жайық өзенінің жағалауына зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеуге — ұзындығы 200 метрге жуықтайтын жағалау аумағына шығып қалған қосжақтаулы ұлулар себеп болды. Тексеру барысында «Балық шаруашылығы-ғылыми өндірістік орталығы» Атырау облыстық филиалының қызметкерлері олардың бір бөлігін зерттеуге жіберді. Сондай-ақ, өзен суынан да сынама алды.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0