Биыл Жайықтың суы көтерілмейді. Жыл басында ресейліктер Иреклі су қоймасынан жіберілетін су мөлшері жиырма есеге арттырылады деп айтқан-ды. Бірақ жергілікті экологтар мен ихтиологтардың қуанышы ұзаққа ұласпады. Көктемнің аяқталуы жақын, ал өзенде өзгеріс жоқ. Себебі көршілес мемлекеттің мамандары берген уәде орындалмай тұр.
Асхат ЕРЖАНОВ, Атырау облысы ТЖД бастығының орынбасары
-Судың көтерілуі ағымдағы жылдың 10 наурызынан мамыр айына дейін жүзеге асырылады деп жоспарланған еді. Жіберілетін судың көлемі бірте-бірте көбейтіліп, сәуірдің орта тұсында ең ірі көрсеткішке, яғни, секундына 500 текше метрге қол жеткізу күтілді. Алайда Иреклі су қоймасындағы шаруашылыққа қажетті және ауыз су қорын жинаудың мүмкін болмауына байланысты, ағызу жұмыстары жүргізілмей, жазғы маусымға ауыстырылды.
Қазір су қоймасындағы ағынды судың орташа мөлшері секундына 15 текше метрді құрайды. Сонымен қатар, бос қалған 442 миллион текше метрді толтыру қажет. Ал су деңгейінің күрт көтерілсе, өзен жағасындағы тұрғын үйлер тасқынның астында қалуы мүмкін.
Асхат ЕРЖАНОВ, Атырау облыстық ТЖД бастығының орынбасары
- Есесіне бүгінде су тасқынынан аман өттік. Батыс Қазақстандағы еріген қар суының нәтижесінде Жайықтың аз да болса көтерілгені рас. , ол Батыс Қазақстандағы қар суы. Бірақ Ресейден келетін су әлі жоқ.
Наурыздың басынан бері Жайық өзеніне жиі мониторинг жүргізіледі. Нақтырақ айтсақ, жағдай жіті бақыланып, жағалауға зерттеу жасалады. Мамандардың айтуынша, әзірге төнетін қауіп жоқ. Алайда шілде мен тамыз айларында Ирекліден келетін судың біраз бөлігі Батыс Қазақстанға тарайтындығын ескерсек, Жайықтың суы айтарлықтай көтерілмейді.