Басты ақпаратЖаңалықтар

ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСЫН ҚАЙ АЙДА АЛҒАН ДҰРЫС?

Жыл басынан бері еңбек инспекциясына құқығымыз бұзылды деп 400-дей адам хабарласыпты. Олардың 60-ы еңбек демалысына қатысты мәселені қозғаған. Әсіресе, еңбек демалысы ақысын аз алған немесе мүлдем ала алмай жүргендер жиі кездесетін көрінеді.

Мадим ҒҰБАЙДУЛЛИН, Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясының бас маманы:

— Кез-келген жұмыскердің еңбек кодексінің 22 бабына сәйкес еңбек демалысын алуға, тынығуға құқысы бар. Еңбек демалысы қызметкердің еңбек қабілетін қалпына келтіруге, денсаулығын қалпына келтіруге, сондай-ақ, өзінің жеке қажеттіліктеріне байланысты беріледі. Еңбек демалысы ҚР Еңбек кодексіне сәйкес ҚР заңдарында немесе ұжымдық шартта ерекше көзделмесе, 24 күн күнтізбелік күн беріледі. Ауыр, зиянды жұмыс жасайтын қызметкерлеріміз бар, 1-2 топ мүгедектігі бар азаматтарға  қосымша алты күн еңбек демалысы беріледі, жалақысы төлене отырып.

Мамандар жұмысқа кірісер кезде басшылықпен келісіп, еңбек демалысы кестесін бекітіп алған жөн дейді. Онда қай қызметкердің қай айда демалысқа шығатыны нақты көрсетіледі. Егер кестеде белгіленбеген уақытта шыққыңыз келсе, жұмыс берушіге кемінде екі апта бұрын ескерту қажет. Ал, еңбек демалысының ақысы заңға сай өз уақытында төленуі тиіс.

 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басты ақпарат

Қазақстандық шекарашылар браконьерлерден 14 бекіре және 38 тасбақа тәркіледі

Деректер Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің ресми сайтында жарияланды. Хабарламада айтылғандай, тамыз айында шекарашылар шекара ...