Басты ақпаратЖаңалықтар

Елімізде дизель отынының бағасы өзгеруі мүмкін

Елімізде 10 наурыздан бастап дизель отынының бағасында өзгеріс болуы мүмкін. Энергетика министрлігі бұйрық дайындап, онда қай елдің азаматы болса да, бөліп-жармай жанармайдың осы түрі литріне 295 теңге болғаны жөн депті.

Олар осылайша жазғы және маусымаралық дизель отынының бағасын бірыңғай қылмақ. Министрлік өзінің бұл шешімін еліміздің мұнай өңдеу зауыттары мен мұнай базаларында дизель отынының артықтығымен түсіндіріп отыр. Осыған байланысты үкімет шектеуді алу туралы шешім қабылдаған.

«Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы өткізудің шекті бағалары қосылған құн салығы есебімен мынадай мөлшерде белгіленсін: 1) Аи-80 маркалы бензинінің 1 литр үшін 89 теңге, Аи-92 және Аи-93 маркалы бензиннің литрі 205 теңге, (жазғы және маусымаралық дизель отынының 1 литрі үшін 295 теңге», – делінген министрлік бұйрығында.

Бұйрық жобасы 28 ақпанға дейін  «Ашық НҚА» порталында талқыға салынады.  Еске сала кетейік,  дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автомобиль көлігімен Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге шектеу 2023 жылдың шілдесінде енгізілген болатын. Қазіргі кезде дизель отынының бір литрі шетелдіктер үшін 450, ал қазақстандықтар үшін 295 теңгеден саудалануда.

 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *