Caspian News, 24 қараша. Қазақстанда балаларға зиянды және заңға қайшы ақпаратты қамтитын 38 мыңнан астам интернет-ресурс анықталып, бұғатталды. Бұл туралы Балалардың құқықтарын қорғау комитеті хабарлады. Мониторинг жұмыстары «Киберқадағалау» жүйесі арқылы жүргізілген.
Ведомство мәліметінше, балаларды қауіпті контенттен қорғау шаралары «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» заң аясында жүзеге асады. Құжатта мемлекеттік органдардың өкілеттіктері, сондай-ақ зиянды ақпаратты бақылау, талдау және шектеу тетіктері белгіленген.
2022 жылы заңнамаға «буллинг» және «кибербуллинг» ұғымдары енгізілсе, 2024 жылдан бастап жәбірлеу әрекеттері үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің дерегінше, биылғы 10 айда 339 әкімшілік іс тіркеліп, оның 198-і буллинг фактілеріне қатысты болған.








