Басты ақпаратЖаңалықтар

ЕЛДЕ ПЛАСТИК ҚАЛДЫҒЫ МЕН МАКУЛАТУРАНЫ ЭКСПОРТТАУ КӨЛЕМІ АРТҚАН

Елде пластик қалдығы мен макулатураны экспорттау көлемі артқан. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, биыл жеті айда 11 тонна пластикалық шикізат сыртқа сатылған. Бұл былтырғыдан 30% көп. Дәл осы аралықта 13,4 мың тонна қағаз қалдығы тысқа кетіпті. Ол өткен жылға қарағанда 3,6 есеге артық. Сатып алушылардың дені — Ресей мен Өзбекстандағы кәсіпорындар. Ал отандық сарапшылар қалдықты сыртқа сатқаннан іште өңдеген тиімді екенін айтады. Өйткені бізден кеткен шикізат сыртта терең өңделіп, өзімізге 2-3 есе артық бағамен кері сатылады.

Толығырақ бейнематериалда

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *