Басты ақпаратЖаңалықтар

ДӨҢГЕЛЕК ЖӨНДЕУ ОРТАЛЫҒЫНДА БОЛҒАН ӨРТТЕП ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРДІҢ ЖАҒДАЙЫ — АУЫР

Мамандар Ақтаудағы дөңгелек жөндеу орталығында болған өрттің себебін анықтап жатыр. Кеше болған қызыл жалыннан 24 және 33 жастағы Өзбекстан азаматтары зардап шекті. Екеуі де облыстық ауруханада жатыр.

Ақ халаттылар бір науқастың жағдайы ауыр дейді. Дөңгелек жөндеу орталығында  болған өртті сөндіруге   12 өрт сөндіруші мен 3 арнайы техника жұмылдырылған. Дәрігерлер екі науқасқа да тыныс алу жолдары күйген деген диагноз қойды. Қазір ауруханада жатқан бірінің денесінің 65 пайызын, ал екінші  науқастың денесінің 85 пайызын күйік шалған.

Толығырақ

Самалбек ЖҰМАҒҰЛОВ, Маңғыстау облыстық ауруханасының травматолог-дәрігері

 — Екеуі де күйік шалған. Бір науқас 24 жастағы науқас, бір науқас 33 жастағы. 24 жастағы науқастың жағдайы өте ауыр. тыныс алу жолдары күйген. 2-ші, 3-ші АБ дәрежелі күйікті алған. Күйіктің көлемі 85 пайыз. Ал екінші 33 жаста, беті күйген, мойын, кеуде, арқасы және саны, қолы күйген. Ол кісі де 2,3 АБ дәреже күйіш алған. Күйіктің көлемі 55-60%.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *