Жаңалықтар

ДИРЕКТОРЛАР КАБИНЕТСІЗ ҚАЛДЫ

Директорлар кабинетсіз қалды.

Оған себеп — қаладағы білім ұяларында оқушыларға қосымша үйірмелер өткізетін орындар тапшы. Осы мақсатта мектеп басшыларына өздерінің кең бөлмелерін босатуға тура келді. Осылайша №2, 18, 30 мектептер мен қалалық лицей директорлары өздерінің жайлы орындарынан алақандай кабинеттерге көшіп барды. Ал ұстаздар мұндай өзгеріске еш өкінбейтіндерін айтады.

Енді оқушылар үйірмелерге қатысып, өздерін жан-жақты дамытатын болады. Білім саласы мамандарының айтуынша босатылған директор бөлмелері мультимедиялық, техникалық кабинеттер ретінде жабдықталмақ. Бір қызығы кей мектеп басшыларының жеке кабинеттері екі бөлмелі пәтердің аумағындай екен.

Жобаның ұйымдастырушыларының айтуынша мұндай бастама алдағы уақытта өзге мектептерде де жалғасын табады.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *