Енді Атырауда көпқабатты үйде тұратын әрбір тұрғын қоқыс үшін 379 теңге, ал жер үйде тұратындар 409 теңге төлейтін болды. Жаңа тарифті Атырау қалалық мәслихатының депутаттары бекітті. Халық қалаулылары әкімдіктегілердің ұсынысын бірауыздан қолдады. Жаңа бағаға қоқысты жинау, шығару, сұрыптау мен сақтау кіреді. Жергілікті атқарушы орган халықтың осал тобы санатына жататындар үшін 25-50 пайыз аралығында жеңілдік қарастырылатындығын ескертті. Қала басшысы еліміздің батысындағы өзге облыстармен салыстырғанда Атырауда тариф құнының әлдеқайда арзан екендігін сөз қылса, депутаттар да оны қолдап, мұндай қадам – нарықтық экономиканың заңы деп отыр.
Толығырақ https://fb.watch/l95DtochGi/
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0