Басты ақпаратЖаңалықтар

ДЕКЛАРАЦИЯНЫ 15-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ТАПСЫРУ ҚАЖЕТ

Жалпыға бірдей декларацияны 15-қыркүйекке дейін тапсыру қажет. Егер мемлекеттік қызметкерлер, мемлекеттік мекеме, квазимемлекеттік сектор жұмысшылары мен олардың жұбайлары аталған құжатты толтырмаған жағдайда 55 мың теңгеден асатын айыппұл төлеуі мүмкін.

Сондай-ақ, биылдан бастап кәсіпкерлер де декларация тапсыруға міндетті. Олар шетелдік банк шоттарындағы ақшасын, жылжымайтын мүлік пен әр түрлі көлік құралы туралы ақпарат беруі тиіс. Жалпыға бірдей декларациялау кезең-кезеңмен жүзеге асуда.

Оны келер жылдан бастап халықтың бәрі тапсыруы керек. Декларацияны «Салық төлеушінің кабинеті», мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталы (cabinet.salyk.kz), e-SalyqAzamat мобильді қосымшасы арқылы онлайн және жергілікті мемлекеттік кірістер департаментіне барып тапсыруға болады

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *