Қазақстанда газ баллондарын пайдалану мерзімі 10 жылға қысқаруы мүмкін. Мұны Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті айтып отыр. Олар алға қарай заңнамаға өзгеріс енгізіп, Қазақстанда қолданылатын газ баллондарының жарамдылық мерзімін 30 жылдан 20 жылға дейін қысқартпақ ниетте. Себебі соңғы 6 жылда елде газ баллонының жарылуынан 120-ға жуық адам қайтыс болған. Абырой болғанда Атырауда күні бүгінге дейін мұндай қайғылы жағдай тіркелмепті. Бізде бұл құрылғыны көбіне өнеркәсіпте дәнекерлеу мақсатында пайдаланады.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0