Басты ақпаратЖаңалықтар

БІРЫҢҒАЙ УАҚЫТ БЕЛДЕУІНЕ КӨШУ: ҚАТЫНАС УАҚЫТЫ МЕН БАЙЛАНЫСҚА ҚАТЫСТЫ ӨЗГЕРІС

 

Қазақстанның бірыңғай уақыт белдеуіне көшуіне байланысты ұшақтар мен пойыздардың қатынау кестесі өзгереді. Жолаушыларға рейс уақыты өзгертілгені туралы  SMS хабарлама мен электрондық поштасына хат жолданады. Бұл туралы  Air Astana әуе компаниясы өзінің телеграмм каналында хабарлады.

ЦИТАТА: Air Astana Қазақстан облыстарының бірдей уақыт белдеуіне көшуіне байланысты рейс кестесін дұрыстады. 1-31 наурыз аралығындағы рейс кестесі өзгерді. Сәуір мен қазан айлары аралығындағы рейстер 1 наурызда бірден автоматты түрде өзгертіледі. Рейс уақыты өзгертілген жолаушыларға SMS хабарлама мен электрон поштасына хат жолданады. Рейс статусын сайтымызда немесе әуекомпанияның мобильді қосымшасында тексеруге кеңес береміз.

 Air Astana әуе компаниясының БАҚ-қа таратқан ресми ақпараты.

ҚР Көлік министрлігінің азаматтық авиация комитетіне қарасты әуе тасымалы басқармасы басшысының айтуынша, жолаушыларға авиакомпанияға уақыт белдеуіне қатысты өзгеріс туралы білу үшін анықтама қызметіне, байланыс орталықтарына хабарласып, авиакомпанияның мобильді қосымшасының көмегіне жүгіну керек.

 

Махаббат КӨПТІЛЕУОВА, ҚР КМ Азаматтық авиация комитетінің әуе тасымалы басқармасының басшысы

— Көлік министрлігінде қазақстандық және шетелдік әуе компанияларының, сондай-ақ еліміздегі әуежайлардың ресми өкілдерінің қатысуымен бірыңғай уақыт белдеуіне көшу мәселесі бойынша кеңес өтті. Осы отырыс нәтижесінде әуе компанияларына жолаушылар бұрын сатып алған билеттің ұшу уақыты өзгерген жағдайда жолаушыларды хабардар ету жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Осылайша, бүгінгі күні барлық қазақстандық авиакомпания сату жүйелеріне өзгерістер енгізу бойынша барлық техникалық жұмысты атқарды. Жолаушыларға да тиісті хабарламалар жіберілді.

ҚТЖ компаниясы да наурызда пойыздар жолаушылардың билеттерінде  көретілген уақытта жүре беретінін айтып отыр. Тек жолаушылар өзгерісті ескерсе болды дейді.

 Kcell, Tele2, Activ және Beeline ұялы операторлары да өзгеріске орай байланыста проблема болуы мүмкін екенін ескертті. Және маңызды мобильді операцияларды алдын ала, яғни 29 ақпанда жасаған жөн деп отыр. Естеріңізге сала кетейік, 29 ақпаннан 1-наурызға қараған түні Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қызылорда облысынан басқа өңірлерде сағат тілі 60 минутқа кері жылжытылады. Қазір Қазақстанда 5-6-ншы екі уақыт белдеуі бар. Елімізде батыс өңірінен басқасы алтыншы уақыт белдеуінде орналасқан.

 

 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
1
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *