Биыл заңға енгізілген өзгеріске байланысты 102 операторына тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы хабарлама түскен жағдайда полицейлердің ерлі-зайыптылардың татуласқанына қарамастан іс қозғайтыны белгілі. Сот алдында ғана татуласуға мүмкіндік бар. Мұнай саласындағы компаниялардың қызметкерлерімен кездескен полицейлер жиналғандарға осындай түсінік берді. Іс-шара «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн»республикалық акциясы аясында өткізілген еді. Алдын алу жұмысы жүргізілгеніне қарамастан әйелдер мен бала-шағаның құқығын қорғау тақырыбы өзектілігін жоғалтқан емес.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0