Жаңалықтар

БЕКІРЕ-2020: ИНДЕРДЕГІ ЖАҒДАЙ

Аяқталуына санаулы күндер қалған «Бекіре-2020» акиясы аясында Индерде жүргізілген рейдтер нәтижесінде 20 жеке тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Ал жыл басынан бері ауданда табиғатқа тағылық танытқандардың саны 50-ге жуықтайды. Мұндағы уылдырық шашатын балық түрлерін сақтап-өсіретін 21 су тоғанындағы жағдай мәз емес.  Жайықа жыл сайын келетін өр суының азаюы балық қорын көбейтуге кедергі келтіруде,- дейді мамандар.


Азамат ӘБІҒАЛИЕВ, Атырау облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының маманы
— Жайық өзені суының деңгейінің келуі 2019 жылы 1 метр 48 сантимер келген болса осы 2020 жылы салыстырмалы түрге алғанда 2 метр 78 сантиметр келді. Ол дегеніміз әлі де төмен. Осы Индер ауданы бойынша Жайық өзені көтерілгенде құятын 21 көлдер бар. Көктем айында  балықтардың икра шашуына қолайлы жерлер. Былтыр  ол көлдерге су кірген жоқ. Биылдан бастап та ол көлдерге су әлі құйыла қойған жоқ.

Бекіре тұқымдас балықтардың табиғи өсіп-өнуі үшін тоғандардағы қажетті су деңгейі 3 метрге дейін көтерілуі қажет. Өкінішке қарай, тіршілік нәрі қазір тоған түгілі өзеннің өзіне де жөнді жіберілмей тұр.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *