Басты ақпаратЖаңалықтар

«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – АТЫРАУ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША 2800-ге ЖУЫҚ ӨТІНІШ ТҮСКЕН

«Бақытты отбасы – Атырау» өңірлік бағдарламасы арқылы 2800-ге жуық атыраулық баспана алудан үмітті. Қаңтардың 15-інде басталған құжат қабылдау процесі 10-ақпанға дейін жалғасқан еді. Атырау қаласы бойынша түскен өтініш саны 2 мыңға жуықтаған.

Енді оларды арнайы комиссия қарап, пәтер кезегінде тұрған адамдардың өтініші ширетіне сәйкес қанағаттандырылмақ. Кейін комиссияның қорытындысымен өтініш иесіне «Отбасы банкіне» жолдама беріледі. Банк бағдарлама қатысушысының төлем қабілетін растағаннан кейін несие беру процесіне кіріседі.

Атырау қалалық ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің сектор меңгерушісі Нұржан Саясаттың айтуынша, өтініш берген қала тұрғындарының арасында мүгедектер мен толық емес отбасы санатына жататындар көп.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *