Басты ақпаратЖаңалықтар

БАҚСАЙ, НАРЫН, САРЫӨЗЕК ЖӘНЕ СОКОЛОК КАНАЛЫ АРҚЫЛЫ ТЕҢІЗГЕ 350 МЛН.ТЕКШЕ МЕТР СУ ЖЕТТІ

Биыл сәуір-мамыр айында Жайықтың арнасынан асуы себепті Бақсай, Нарын, Сарыөзек және Соколок каналы арқылы Каспийге 350 млн текше метр су құйылыпты. Бұл туралы «Қазсушар» РМК Атырау филиалының басшысы Асланбек Рысжанов мәлімдеді. Нәтижесінде жүздеген гектар шабындық, жайылым алқапқа тіршілік нәрі жетіп, шаруалардың мал азығын молынан дайындауына мүмкіндік туды. Мысалы Қызылқоға ауданындағы 18 мың, Махамбет ауданындағы 2700 гектар алқапқа өр суы жайылған.

Қазір Жайық арнасына түсті. Бірақ көптеген көлтабан әлі құрғаған жоқ. Тасқын биылғыдай ауыл-аймаққа қауіп төндірмес үшін жергілікті билік судан қорғанудың жоспарын дайындауға кірісіп кетті. Олар Соколок каналын әлі де тереңдетіп, Каспий теңізіне дейін 45 шақырым қазуды жоспарлап отыр. Жалпы Су ресурстары және ирригация министрлігі мен жергілікті әкімдік бірлесіп атқарған жұмыс нәтижесінде теңізге жалпы көлемі 7,4 млрд текше метр тіршілік нәрі жетіп, Каспийдің солтүстік-шығыс бөлігінде теңіз деңгейі 119 см-ге көтерілді, — дейді министрліктегілер.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *