Басты ақпарат

БАҒАНЫ НЕГІЗСІЗ ӨСІРГЕН

Қаладағы Сарайшық коммуналдық базарында үнемі өткізілетін ауылшаруашылық жәрмеңкесінде сатушылар бағаны әдейі көтерген. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлік бөлімі жүргізген рейдтік іс-шаралар кезінде белгілі болды. Халыққа қажетті деген негізгі 19 өнімнің бағасын тексерген арнайы топ тексеріс нәтижесі бойынша бірнеше сатушымен келісім-шартты бұзды.

Алдағы уақытта мұндай заң бұзушылыққа жол берілмейді деген қала басшылығы алдағы жылы осы бағытта жасалатын жұмыстарды да айтты. Оларға сенсек, тұрақтандыру қорындағы мың жарым тоннадан астам өнім кепілдендірілмек. Мұнда 1,270 тонна картоп, 115 тонна пияз, 100 тонна сәбіз және 111 тонна қырыққабат сақталатын болады. Бағалары арнайы комиссияның шешімімен бекітіледі, олар нарық бағасынан 10-15%-ға төмен болады деп жоспарлануда.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *