Биылдан бастап балықшылардың қуаттылығы 40 ат күшіне тең моторлы қайықпен балық аулауларына рұқсат берілді.
Бұрын кәсіпшілік балық аулауға ілмелі 20 аттың күші бар моторлы қайықпен шығу талап етілсе, заңдағы өзгерістерге сәйкес, ол қуаттылық енді 20 есеге артқан. Мұндай ақпаратты Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары таратып отыр. Одан бөлек, аталған мекеме заңды және жеке тұлғаларға «Е-лицензия» порталы арқылы 5 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетілетінін де атап өтті.
2019 жылы онлайн портал арқылы балықшылардан 2000-нан астам сұраныс түскен. Оның көпшілігі тиым салынған жерлерде кеме жүргізуге байланысты. Биыл да онлайн қызметке жүгінетіндер саны артыпты. Жыл басталғалы бері 1000-нан астам тұлғаға мемлекеттік қызмет көрсетілген.
Жанаргүл Бисенова, Айбек Жаңай, КН