Ата-аналар мен жекеменшік балабақша басшылары кезекке қоюдың бірыңғай базасына қарсы. Олар осындай наразылықпен облыстық әкімдіктің алдына жиналды. Айтуларынша, пилоттық жоба шикі. Ақпараттық база әлі қалыптаспаған. Жүйенің жетілдірер тұсы көп. Жалпы бұл жоба мектепке дейінгі ұйымдарға орындарды бөлу кезінде сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында әзірленген. Бірақ соған қарамастан делдалдардың заңсыз қызметіне жүгінетіндер көбейген. Олардың қызмет құны шамамен 50 мың мен 100 мың теңге аралығында. Бұл ретте, алты баланың анасы Ырысбике Нұғманова жобадағы шикіліктің кесірінен кезектен шығып қалғанын айтады.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0