Жаңалықтар

БАЛАБАҚШАЛАР АШЫЛУДА

Жекеменшік балабақшалар шығынға батуда. Карантинге байланысты жабылған мекемелердің қатарында мектепке дейінгі ұйымдар бар. Қиындықтар Зейнеп Астраханцеваны да айналып өтпеді. Екі ай бойы кідірген кәсібінен мен деген қызметкерлер бас тартып жатыр. Әсіресе, 42 500 теңгелік төлем тоқтап қалғалы  өз еркімен кеткісі келетіндер күрт көбейген.

Зейнеп АСТРАХАНЦЕВА, кәсіпкер

  • Қыздарым ТЖ  режимі аяқталған бойда амалсыздан басқа жұмыс іздеп кетті. Аспазымыз да өз еркімен жұмыстан шықты. Өйткені бала-шағаны асырау керек. Бізде қазір кадр мәселесі өзекті. Осы кәсібімен бар ықыласымды салған едім. Енді жауып, тастап кете алмаймын.

Десе де, тиісті шаралар қабылданды. Енді білім беру орталықтары, үйірмелер, балабақшалардағы кезекші топтар біртіндеп жұмысқа кіріседі. Бұл туралы облыстың бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысында көрсетілген. Қазіргі жағдайда мұндай шешімді қабылдау қанша қиын болса да, бала-шағалы тұрғындар мен кәсіпкерлердің өтінішін орындауды жөн көрдік,- дейді Темірбек Мұсағалиев.

Темірбек МҰСАҒАЛИЕВ, Атырау облысының бас санитарлық дәрігері

  • Әрбір мектепке дейінгі ұйымның кезекші тобында бала саны 5-тен аспауы тиіс, ал ондағы кереуеттер арасындағы қашықтық бір жарым метр болуы керек. Ондағы санитарлық-дезинфекциялық нормалар қатаң сақталады. Сол себепті талаптар мен заңдылқтармен етене таныс қызметкерлер жұмыс жасайды. Бәрі де өзіміздің жіті бақылауымызда болмақ.

Перзентін балабақшаға апару үшін ата-анадан жұмыс орнынан анықтама талап етіледі. Айта кетейік, кезекші топтардан бөлек ертеңгілік 10 мен кешкі алты аралығында ауданы 2000 шаршы метрге дейінгі дүкендер ашық болады.

Темірбек МҰСАҒАЛИЕВ, Атырау облысының бас санитарлық дәрігері

  • Шағын маркеттердің ашылуына рұқсат. Ал гипермакеттердің жұмыс жасауына ерте. Кері жағдайда халықтың көп шоғырланып, инфекцияның екінші толқыны басталып кете ме деп қауіптенеміз.

Төтенше жағдай кезінде шағын және орта бизнест көп мөлшерде зардап шеккендіктен, қазіргі кезде кәсіпкерлер ерекше қолдауға зәру.  Ал шектеу толығымен алынған бойда бизнестің жүздеген субъектісі қызметін қайта бастап, мыңдаған адам жұмысқа кірісе алады.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *