Ақтау қаласында орналасқан құрылысы аяқталмаған «Атамекен» тұрғын үй кешеніндегі салымшылардың сеніп тапсырған ақшасын ысырап ету және жымқыру фактісі бойынша «Багис» ЖШС басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы CaspianLife Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Тергеу барысында «Багис» ЖШС директоры «2017 жылдың наурызынан 2022 жылдың қыркүйегіне дейін тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтаймыз» деген желеумен 119 үлескердің 400 миллион теңгеге жуық ақшасын жымқырғаны анықталды.
ЖШС директорына қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.
Қазіргі уақытта қосымша сот-медициналық сараптамалар күтілуде. Оның қорытындысы бойынша күдіктінің әрекетіне түпкілікті құқықтық баға беріледі.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0