Ақтауда түнгі клубта төбелес шығарған екі полицей жұмыстан босады. Оқиға 27-қараша күні сағат түнгі 2-лер шамасында болған. Ақтау қалалық полиция қызметінің бастығы Ерлан Отаров пен Мұнайлы аудандық патрульдік полициясының командирі Нұржан Мағзамов түнгі клубта 27 жастағы азаматпен сөзге келіп қалып, оны балағаттаған. Кейін төбелес шығарып, артынша пышақ сілтеген-мыс. Оқиға болған жерге кезекші патруль келген кезде екеуі де қашып кеткен. Жарақат алған азамат қазір ем алып жүр.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0